Үкімді жеңілдету туралы талап қанағаттандырылған жоқ
Үкімді жеңілдету туралы талап қанағаттандырылған жоқ
Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат С. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі 96-бабының 2-бөлімі «д» тармағында, 324-бабының 2-бөлімінде, 175-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін соттап, қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде жазасын өтеу үшін 17 жылға бас бостандығынан айырды.
Сот С. пышақ, бұрауыш заттарын пайдаланып такси жүргізушісін өте зұлымдықпен қинап өлтіріп, марқұмның құжаттарын, ақшасын, көлігін алып бой тасалағандығын анықтаған.
Өзіне шыққан үкіммен келіспеген ол және оның қорғаушысы Ақмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасына шағымданып жазаны жеңілдету туралы талап қойған болатын. Апелляциялық сот алқасы үкімді өзгертусіз қалдырды.












