Құрметті сайтты ашушылар, Сіздер өздеріңізді толғандыратын сұрақтарды жолдап, оған Жоғарғы Сот мамандарының жауаптарын ала аласыздар. Сондай-ақ жекелеген жағдайлар, нақты істер жөнінде, жасалған сот актілері бойынша Жоғарғы Сот түсіндірме, сондай-ақ заңнамаларға түсіндірулер бермейді. Авторы белгісіз хабарламалар қарастырылмайды. Кез-келген сұрақ бойынша білікті заң көмегін заң кеңесіне жүгініп алуға болады.
Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің таратылуына байланысты сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету қызметі Әділет министірлігіне берілген. Осыған орай, Сіздер сот актілерінің орындалмауы және сот орындаушыларының әрекетіне қатысты сұрақтарды аталған мемлекеттік органның www.minjust.kz сайтына жолдауларыңыз қажет.
Аталмыш сұрақтар Жоғарғы Соттың сайтына келіп түскен жағдайда жарияланбайтынын хабарлаймыз.
06.05.2012
Может ли быть свидетелем гражданин которое находился на стационарном лечение в "РГКП Республиканский научно-практический центр психиатрия, психотерапий и неврологий" с диагнозом;
"Органическое эмоционально лабильное расстройства (F06.6)"
Жауапты көру...
26.04.2012
ОҚО сотының төрағасы Н. Шәріповқа
Сотталушы Сманов Манат және Сманов
Мұхиддиннің анасы Ахметова Розаханнан
1968 ж.т. ұазақ, білімі жоғары, 3 топ мүгедегі,
ОҚО Сарыа.аш аудагы Көктерек а/о, Абай
к.22 -а үй.
Арыз
Менің арыз беру себебім, мен 20.04.2012 жылы ОҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданарылық соты судья Шахиддинов Ә.Ә тарапынан қаралған ағайынды Смановтардың қылмысы үстінен жүргізілген сотқа да жазылған сот хаттамасына да келіспеймін.Себебі хаттама сот процессінде қаралған куәгерлер тарапыннан берілген сұрақ жауаптар бұрмаланып жазылған. Айтылған сөздер жазылмай айтылмаған сөздер жазылған.Судья Шахиддинов Ә.Ә мен хаттамашы Жунисова А. Қай жақтан алып жазған, бәрі өтірік. Полициялардың әшкере болған. қылмыстарын жасырып отырған. Полициялардың ұрғаны-және қысымы жайлы айтқызбады, сонда да бәрі соған келіп тіреліп тұрғанымен судья Шахиддинов хаттамаға енгізбеген.Неге соншалықты Смановтардың қамалуына мүдделі болған. Смановтардың ісін қараған тергеуші Абдукаримов сияқты Шахиддинов Ә. Смановтарға қарсы жалған сөздер қолданған.Айыпталушыларды ақтайтын дәлелдемелер жазылмаған. Айыпталушылар тарапынан берілген сұрақ жауаптар жазылмаған Сот барысында Смановтар қылмысқа қатысы жоқ екенін, полицилардың қысымымен мойындағанын айтқан.. Бұл хаттамаға тіркелмеген.Сот барысында балдарды көрген жайлы ешкім айтпаған хаттамада Кентебаева Ферузаның Мұхиддинді көрген деп жазылыпты. Сотта Кентебаева Мұхиддинді показда көргенін. Полицияларға күдікті Смановтар себебі Кентебаев Құдиярдың ұрғаны үшін учасковыйға арызданып барған деп айтып еді. Цигин показдан алдын РОВД да Мұхиддинің тергеушіге қылмыс болған жерде қалай өлтіріп қайда сүйреп апарып тастғанын өз еркімен көрсетем деген деп жазылған.Сотта Цигин мені базарда жүрген жерімнен тікелей показға апарған деп айтқан.Полициялардың жауаптары бұрмаланып әрі қысқа жазылған. Ал бұл жерде керісінше балдарды айыптауға пайдаланып отыр.
Сол себепті сот барысында камераға түскен болса анықтап қаралуын талап етемін. Сонымен бірге марқұмды қайта эксгумация жасап, қайтадан экспертиза өткізілуін талап етемін және міндетті түрде менің үйімдегі тамаққа қолданып жүрген пышағымның өліктің денесіне кіргізілген іздерін анықталуын, өтпес пышақты марқұмның денесіне тығуға болар болмасын және қабырғаларын сындыруға анықтауды және экспертизаны білікті эксперттерге тапсырылуын талап қыламын,. «Детектр лжи»дан өткізсін барлық куәгерлерді. Хаттамадан өліктің мойнында буындырып өлтірілген белгілері бар екендігін білдім, мені екі баламның екеуіде әлжуаз олар түгелі бүкіл Көктерек ауылы тұрғындары Кентебаеты өлтіру емес оның түрінен де қорқатын.
Статья бойынша күдік туғызатын дәлелдемер айыпталушының пайдасына шешіледі делінген Ал бұл жерде бәрі керісінше істелінген.
Сманов Манаттың киіміндегі полицияның аяқ киім іздері, сараптамада ұрып тепкен кезде алған жарақаттары нәтижесінде берілген аеықтамасы. Сманов Манаттың агентте отрырғанын дәлелдейтін Алматыдағы КИСЕЛ активтен алынған жауаптары есепке алынбаған.
Неге заң қызметкерлері менің айыпсыз балдарымды қамауға бәрі мүдделі. Полициялар мейлі не істесе ол істесін менің балдарымды босатсын.Қылмыс істгендермен жұмысы да жоқ. ОҚО заң қызметкерлері кімге сеніп бұл тірлікке барып отыр. Жоғарыдағы көкелеріне ме ,әлде қалтасындағы ақшаға ма. Мен сот әділ шешеді ме деген едім ол да міні көзін бақырайтып, бұрмалап отыр. Қолыңнан не келеді деген сияқты. Не істерімді білмей кеттім . Егер осылай бара берсе мен өзіме аштық жариялаймын немесе өзімді өзім алаңда өртеймін.Себебі мені көзімнің ақ-қарасы болған перзенттерімді әділетсіздіз қамап отыр. 10-14 жылға бас бостандығынан айырып отыр.Нем қалды. Мен судья Шахеддинов Ә.Ә және хатшысы Жүнісова А. үстінен сотта заңды бұзып хаттаманы бұрмалап жазғаны үшін шара қолдануларыңызды сұранамын
Ахметова Розахан. 24.04.2012 ж.
Жауапты көру...
24.04.2012
Құрметті Бауыржан Тұрсынұлы!
Сізден Қызылорда облыстық соты кеңсесінің бір топ қызметкерлері атынан өтінішіміз бар. Яғни, қазіргі кезге дейін сот қызметкерлері арасында республикалық деңгейде спартакиада байқаулары өтпеген.
Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауында, халыққа арнаған сөздерінде баршаны бұқаралық спортпен айналысуға үндейді. Мұндай спартакиаданың ұйымдастырылуы дене шынықтыруды және спортты одан әрі дамытуға, ұжым арасында салауатты өмірді насихаттауға жаңа серпін берері сөзсіз. Осыған орай, Сізден, сот кеңсе қызметкерлері арасында Республикалық деңгейдегі спартакиада байқауларын ұйымдастыруыңызды ұсынамыз.
Жауапты көру...
20.04.2012
Осы шағымды беруіме себеп, 2012 жылдың 26 наурызындағы судъя Ә. Ә.Шахидиновтің үкімімен толық келіспеймін. Сот барысында судъя істі тергеудегі сияқты бір жақты ғана қарап, сотталушылардың полициялардың жасаған қылмыстарын және шындықты айтуына мұрша бермей, хаттамаға жаздырмай, тек қана полицейлердің жалған берген көрсетпелеріне сүйеніп, балаларымның шынымен Кентебаевтың өліміне қатысы жоқ екендігін есепке алмай тек қана бір жақты шешім қабылданды. Біздің қылмыстық іс жүргізу кодексінің қайсы бабына сүйеніп, полициялардың балаларды ұрып мойындатқанын айттырмай жатырсың дегенімізге жауап бере алмады Сот басталғаннан мен судьядан сезіктене бастағанмын. Балаларымның айыпсыз еместігін Шахидинов біле тұра, умышленно оларды қамауға үкім шығарды. Себебі мен Шахидиновтың сотты әділ жүргізбегеніне және оның полицейлерден пара алды ау деген күмәнім бар.Балдар қылмысқа қатысы жоқтығын, полициярадың қысымымен мойындағанын ешкім тексермеді.Себебі екеуінің де дене жарақат ал.аны туралы экспертиза бола тұрсада, балдардан қай полициядан қысым көргені туралы сұрақ-жауап қылынбаған.Полициялардың қысымы жайлы Адвокат Ахметов, Сманов Мұхиддинің заңды өкілі Ахметова Р.және айыпталушылардың талабымен полициялардың қысымы туралы және қылмыс болған уақытта яғни 10 қыркүйек күні сағат 22-23 тер шамасында Сманов Манаттың ұялы телефонымен агентте отырғаны туралы анықтауды Прокурор Смайыловқа тапсырылған болатын. Смайылов адвокатты да заңды өкілді де, айыпталушыларды да қатыстырмай полицияларды айыбы жоқ деген және «Қазтелекомнан» Сманов Манаттың телефон номерлері бойынша 10 қыркүйек күні сағат 18-24 тер ешкіммен хабарласпаған деген жалған мәліметті сотқа тапсырды алайда Адвокат Ахметов А. Алматыға барып «ЖИ ЭС ЭМ Казахстан» ЖШС тен Сманов Манаттың 10 қыркүйек күні сағат 19 00 ден түнгі сағат 24 терге дейін агентте хабарласып отырғанын анықтады. Сонымен бірге Шахидинов «ЖИ ЭС ЭМ Казахстан» ЖШС нен берілген Сманов Манаттың телефондарының тоқтаусыз интернет арқылы жұмыс істелінгенін елемеуі де мені таң қалдырды. Полиция қызметкерлері Кентбаевтармен байланыста болып оларды да Смановтарға қарсы пайдаланып отырды.
Қорыта айтқанда сот барысында полицейлердің заңсыз әпекеттері әшкере болды, ал судья полицейлердің заңсыз әрекеттеріне лайықты баға берудің орнына олардың қылмысын жасырумен болды.
Судья полициялардың қылмысын алқа билердің қатсуысыз қарады.
Жоғарыда көрсетілгендерді есепке алып, және ҚР ҚІЖКнің 446-1,446-3 баптарына сүйене отырып Сізден 2012 жылы 26 наурызда шығарылған ОҚО ауданаралық мамандандырылған қылмыстық соттың үкімінің күшін жойып, Смановтардың іс әрекеттерінде қылмыстың құрамы жоқтығы үшін ақтауыңызды сұраймын
Сманов Манатты 14 жыл ал кәмелетке толмаған Сманов Мұхиддинді 10 жыл 6 айға заңсыз, дәлелсіз бас бостандығынан айырып отыр. Ахметова Р.А.
Жауапты көру...
20.04.2012
Осы шағымды беруіме себеп, 2012 жылдың 26 наурызындағы судъя Ә. Ә.Шахидиновтің үкімімен толық келіспеймін. Сот барысында судъя істі тергеудегі сияқты бір жақты ғана қарап, сотталушылардың полициялардың жасаған қылмыстарын және шындықты айтуына мұрша бермей, хаттамаға жаздырмай, тек қана полицейлердің жалған берген көрсетпелеріне сүйеніп, балаларымның шынымен Кентебаевтың өліміне қатысы жоқ екендігін есепке алмай тек қана бір жақты шешім қабылданды. Біздің қылмыстық іс жүргізу кодексінің қайсы бабына сүйеніп, полициялардың балаларды ұрып мойындатқанын айттырмай жатырсың дегенімізге жауап бере алмады Сот басталғаннан мен судьядан сезіктене бастағанмын. Балаларымның айыпсыз еместігін Шахидинов біле тұра, умышленно оларды қамауға үкім шығарды. Себебі мен Шахидиновтың сотты әділ жүргізбегеніне және оның полицейлерден пара алды ау деген күмәнім бар.Балдар қылмысқа қатысы жоқтығын, полициярадың қысымымен мойындағанын ешкім тексермеді.Себебі екеуінің де дене жарақат ал.аны туралы экспертиза бола тұрсада, балдардан қай полициядан қысым көргені туралы сұрақ-жауап қылынбаған.Полициялардың қысымы жайлы Адвокат Ахметов, Сманов Мұхиддинің заңды өкілі Ахметова Р.және айыпталушылардың талабымен полициялардың қысымы туралы және қылмыс болған уақытта яғни 10 қыркүйек күні сағат 22-23 тер шамасында Сманов Манаттың ұялы телефонымен агентте отырғаны туралы анықтауды Прокурор Смайыловқа тапсырылған болатын. Смайылов адвокатты да заңды өкілді де, айыпталушыларды да қатыстырмай полицияларды айыбы жоқ деген және «Қазтелекомнан» Сманов Манаттың телефон номерлері бойынша 10 қыркүйек күні сағат 18-24 тер ешкіммен хабарласпаған деген жалған мәліметті сотқа тапсырды алайда Адвокат Ахметов А. Алматыға барып «ЖИ ЭС ЭМ Казахстан» ЖШС тен Сманов Манаттың 10 қыркүйек күні сағат 19 00 ден түнгі сағат 24 терге дейін агентте хабарласып отырғанын анықтады. Сонымен бірге Шахидинов «ЖИ ЭС ЭМ Казахстан» ЖШС нен берілген Сманов Манаттың телефондарының тоқтаусыз интернет арқылы жұмыс істелінгенін елемеуі де мені таң қалдырды. Полиция қызметкерлері Кентбаевтармен байланыста болып оларды да Смановтарға қарсы пайдаланып отырды.
Қорыта айтқанда сот барысында полицейлердің заңсыз әпекеттері әшкере болды, ал судья полицейлердің заңсыз әрекеттеріне лайықты баға берудің орнына олардың қылмысын жасырумен болды.
1.Кәмелетке толмаған Сманов Мұхиддинді түнгі сағат 24 дер үйге тінтуге әкелгенін,Видео таспаға түсіргенін, айғақ ретінде алнған заттарды буып түймегенін, қалыстарға қол қойдырмағанын, алынған заттарда қанның ізі болмағанын прокурор Тұрымо Ф., тергеуші Башенов, т. б. полиция қызметкерлері жасырып отырды.Қалыстар заттардың таза екенін, полициялар буып түймегенін және қол қойдырмағанын,түнде Сманов Манаттың орнына Мұхиддинді әкелгенін видеотаспаға түсіріп жүргенін айтты. Смнаов Манатты әкелмей Сманов мҰхиддинді әкелгені Манатты полиция қызметкерлері ұрып-теуіп дене жарақат алғандықтан әкелмегені анық болды.
Судья полициялардың қылмысын алқа билердің қатсуысыз қарады.
Жоғарыда көрсетілгендерді есепке алып, және ҚР ҚІЖКнің 446-1,446-3 баптарына сүйене отырып Сізден 2012 жылы 26 наурызда шығарылған ОҚО ауданаралық мамандандырылған қылмыстық соттың үкімінің күшін жойып, Смановтардың іс әрекеттерінде қылмыстың құрамы жоқтығы үшін ақтауыңызды сұраймын
Сманов Манатты 14 жыл ал кәмелетке толмаған Сманов Мұхиддинді 10 жыл 6 айға заңсыз, дәлелсіз бас бостандығынан айырып отыр. Ахметова Р.А.
Әділ шешім қабылдауларыңызді өтінемін.
Жауапты көру...
18.04.2012
«ҚАЗАҚСТАНДА ДІНИ КӨЗҚАРАСЫ ҮШІН ҚУДАЛАНҒАН ПРОФЕССОР САЯТ ИБРАЕВ ІСІ»
Бүгін, яғни 2012 жылдың 18 сәуір күні Ұлтттық баспасөз клубында профессор Саят Ибраевтың қорғаушылар баспасөз конференциясын өткізді.
Сәуірдің 20 – сы күні Алматы қалалық сотта профессор ғалым Саят Ибраев және сопылар ісіне қатысты кассациялық шағым қаралады. 2011 жылдың қазан айында Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты Саят Мұратұлы Ибраевты түрлі баптарға сүйене отырып, айыпты деп тауып, 12 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде шешім шығарған болатын. Алайда, Саят Ибраевтың қорғаушылары бұл шешімде көптеген заңсыздықтардың орын алғаны және оның тапсырыспен жасалып жатқанын дәлелдейтін көптеген деректермен айғақтар келтіруде. Заңгерлер профессорды бас бостандығынан айыру жөніндегі шешімді толықтай жоққа шығаруға негіз бола алатын айғақтарға қол жеткізіп отыр. Кассациалық сот қарауынан бұрын бұл айғақтар қоғам назарына ұсынылды. Құқық қорғаушы органдардың заңсыз іс - әрекеттері жария етілді.
Алматы қалалық сотының кассациялық сот алқасына адвокат А.Құспанов, Ш.Байжанов, қоғамдық қорғаушы Л.Ибраевадан
Саят Мұратұлы Ибраевты ҚР ҚК-нің 235 бабы, 3 бөлімі, 126 бабы, 3 бөлімі, 125 бабы, 3 бөлімі, 102 бабы, 2 бөлімі, 164 бабы, 3 бөлімі, 337 бабы, 3 бөлімімен айыптау туралы қылмыстық ісі бойынша Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының 19 қазан 2011 жылғы Үкіміне
К А С С А Ц И Я Л Ы Қ Ш А Ғ Ы М Ғ А Қ О С Ы М Ш А
Бұдан бұрын біздің тарапымыздан Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының 19 қазан 2011 жылғы Үкіміне кассациялық шағым берілген болатын.
Аталған сот үкімі қосымша мына негіздер бойынша да бұзылуға жатады:
ҚР Қылмыстық істер жүргізу Кодексінің 446-9 бабы, 2 бөлігіне сәйкес,
қылмыстық іс жүргізу заңының елеулі түрде бұзылуы кассациялық сатымен үкімнің күшін жоюға негіз болатыны көрсетілген.
Аталған Кодекстің 446-11 бабында қылмыстық іс жүргізу заңының елеулі түрде
бұзылуы деп мына жағдайлар көрсетілген:
1. Істі сотта қарау кезінде осы Кодекстің принциптері мен өзге де жалпы ережелерін іске қатысушы тұлғаларды заңда кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларға қысым жасау, сот ісін жүргізу рәсімдерін сақтамау жолымен немесе өзгедей жолмен істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге кедергі келтіретін, сот төрелігі үкімін шығаруға ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін бұзушылықтар қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі түрде бұзу деп танылады.
2. Егер сот осы Кодекстің 415-бабының үшінші бөлі¬гін¬де көрсетілген қылмыстық іс жүргізу заңын бұзуға жол берсе, онда үкімнің күші барлық жағдайда да жойылуға жатады.
Осы баптың 2 бөлігінде сілтеме жасалып кеткен 415-баптың 3 бөлігі, 2 тармағына сәйкес, үкiмдi соттың заңсыз құрамы шығарған болса – үкім өз күшін жоюға тиісті. Дәл осындай нормалар жоғарыда аталған Кодекстің 446-15 бабымен де көзделген.
Біз шағым келтіріп отырған іс – алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылған болатын. Алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істің ерекшелігі ҚР Қылмыстық істер жүргізу Кодексімен белгіленген. Осы Кодекстің 559-бабында алқабилердің құқықтары, міндеттері және істi қарауға байланысты іс-әрекеттеріндегi шектеулер белгіленген, оған сәйкес, алқаби;
3. Алқаби:
1) сот отырысында тәртіп сақтауға және төрағалық етушінің заңды өкімдеріне бағынуға;
2) алқабидің міндеттерін атқару үшін, сондай-ақ, егер сот отырысында үзіліс жарияланған немесе істі тыңдау кейінге қалдырылған жағдайда, сот талқылауын жалғастыру үшін сот көрсеткен уақытта келуге;
3) сотқа келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, төрағалық етушіге келмеудің себептері туралы алдын ала хабарлауға міндетті.
4. Алқаби:
1) істі тыңдау кезінде сот отырысының залынан кетуге құқығы жоқ – делінсе,
5. Алқабидің өз міндеттерін атқармауы, сондай-ақ осы бапта көзделген шектеулерді сақтамауы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген жауаптылыққа, сондай-ақ төрағалық етушінің алқабиді істі қарауға одан әрі қатысудан шеттету мүмкіндігіне әкеп соғады – деп нақты белгіленген.
Яғни, алқаби сот отырысына басынан-бастап аяғына дейін қатысуға міндетті, өйткені оның дауысы – сотталушының тағдырын шешеді.
Соған қарамастан біз, осы қылмыстық іс бойынша сот тергеуі кезінде негізгі құрамдағы бірнеше алқабидің бір емес, бірнеше рет сот отырысына негізсіз қатыспағанына куә болдық.
Атап айтқанда, негізгі құрамда болған алқаби - Маханова Ширинай Ермахановна жеке куәлігінің №017321111, 25.07.2011 жылы Астана уақытымен 18.20 минутта, Алматы қаласынан Алматы-1 темір жол вокзалынан – Атбасар қаласына жолға шыққан (пойыз №043, вагон 4П, 30 орын). Сол сапарынан аталған азаматша тек 02 тамыз 2011 жылы ғана оралады, атап айтқанда, ол 01.08.2011 жылы, Астана уақытымен 21.20 минутта, №10 Астана-Алматы бағытындағы пойызына (15П, 13 орын) отырып, Алматы қаласына Алматы-1 темір жол вокзалына 02.08.2011 жылы, 16.21 минутта келіп түскен. (Ол туралы растаушы билет көшірмесі және ҚТЖ жанындағы бас есептеп шығару орталығынан алынған ресми жауап жалғанады).
Өз кезегінде, сот отырысының 25.07.2011 жылғы, 27.07.2011 жылғы, 29.07.2011 жылғы және 01.08.2011 жылғы хаттамаларына сәйкес, Маханова Ширинай Ермахановна алқаби ретінде сот отырыстарына қатысқан деп көрсетілген, бұл жалған, шындыққа сәйкес келмейді.
Алайда аталған азаматшаның алқаби ретінде сот отырыстарына қатыспағандығын, нәтижесінде заңмен көзделген міндеттемелер мен шектеулерді бұзғанын, жоғарыда сілтеме жасалған ресми органның анықтамасынан басқа, іске бастан-аяқ қатысқан қорғаушылар – біздер де растаймыз. Сонымен бірге, Ш.Махановадан басқа да алқабилердің сот отырыстарына толық қатыспағандығына кассациялық алқаның назар аударуын сұраймыз. Алқабилердің біреуі Қ.Алибаев 30.09.2011 жыл сот мәжілісіне қатысқан жоқ. Бірақ келесі күні, яғни 03.10.2011 жылы сот басталғанда судья Қ.Қалмағамбетов адвокат Ш.Байжановтың ескертуінен кейін, алқаби Қ.Алибаевты негізгі құрамнан шығарып, заңсыз қосалқы құрамға енгізді. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 557 бабына сәйкес, алқабилер және қосалқы алқабилер, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, сот отырысының залында сот талқылауы кезінде тұрақты қатысады.
Егер, сот талқылауы барысында, бірақ алқабилер мен судьялар шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін, алқабилердің біреуінің сот отырысында одан әрі қатыса алмайтындығы, немесе төрағалық етуші оны сот отырысына қатысудан шеттеткені анықталса, онда ол қосалқы алқабилердің тегі көрсетілген билет жәшіктен қандай тәртіппен алынса, сол тәртіппен қосалқы алқабимен ауыстырылады. Егер, шығып қалған алқабилерді қосалқы алқабилермен ауыстыру мүмкіндігі таусылған болса, төрағалық етуші өткен сот талқылауын жарамсыз деп жариялайды және сот талқылауын осы Кодекстің 550 бабына сәйкес, алқабиге кандидаттарды алдын-ала таңдау кезеңіне қайтарады.
Қосалқы алқабилердің біреуі З.Рафикова сот басталғаннан кейін тек бірнеше сот мәжілісіне қатысып, кейін мүлдем қатыспады. Бұл жағдай сот хаттамасында көрсетілген.
Жоғарыда аталған алқаби Қ.Алибаевты да негізгі құрамнан шығарып тастағаны сот хаттамасында көрсетілген.
Осы жағдайлар, ҚР ҚК-нің 557 бабын өрескел бұзып, 10 алқаби мен 2 қосалқы алқабидің үшеуі, яғни З.Рафикова, К.Алибаев, Ш.Маханова сот мәжілісіне толық қатыспағаны, соған қарамастан, оларды қатыстырып, сот өз үкімін шығарғанын толық дәлелдейді. Аталған жағдайлар сот отырысының біржақты айыптау сипатында жүргізілгенін, сотқа төрағалық етуші Қ.Қалмағамбетовтың ісжүргізу талаптарының өрескел бұзылуына жол бергенін көрсетеді.
Құрметті алқа! Жоғарыда аталғандарды басшылыққа ала отырып және ҚР Қылмыстық істер жүргізу Кодексінің 446, 415, 559, 574 және 575 баптарына сәйкес, Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының 19 қазан 2011 жылғы Үкімін – заңсыз ретінде бұзуды сұраймыз.
Батыс Қазақстан облыстық
адвокаттар алқасының мүшесі А.Құспанов
Алматы қалалық адвокаттар
алқасының мүшесі Ш.Байжанов
Қоғамдық қорғаушы Л.Ибраева
Жауапты көру...
17.04.2012
Құрметті Бектас Абдыханович!
Менің сауалым кредиттік қатынастар жөнінде.Дәлірек келсек, мен 2007 жылдың 23 мамырында Тараз қаласындағы Альянс банктен 3 жыл мерзімге, 19-пайыздық жылдық сыйақымен 300 мың теңге несие алдым.Кейіннен, яғни 2011 жылы мен таныс заңгерімнен несие алу кезіндегі Альянс банкпен жасасқан екі-жақты келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшасында(график погашения) колданылған сыйақы мөлшері 19 пайыз емес 27,53 пайыз екенін анықтадым.Әрине келісім-шарт жасасқан кезде мен сыйақы калай есептелінетін білген жоқпын, бұл салада мен маман емеспін, арнайы білімім жоқ.Осы жағдайдың мән-жәйін түсіндіріп беру жөнінде Тараз қаласындағы Альянс банк филиалына хат жолдадым.Алайда Альянс банк өз келісім шартының дұрыстығын айтып, ешкандай шара қолданған жоқ.Бұдан кейін мен Тараз қалалық сотына заңсыз жасалынған келісім шартты бұзу жөнінде арызбен қайрылдым. Тараз қалалық сотының тағайындаған сот-сараптамалық қаржы-несиелік зерттеу қорытындысына сәйкес, өз кезегінде банк сыйақыны 27,53 пайыз мөлшерінде қолданғаны анықталып отыр.Дегенмен Тараз қалалық сотының 2012 жылғы 7 наурыздағы шешіміне сәйкес қалалық сот судьясы Ш.Ә. Айнақұл аталған сот-сараптамалық қаржы-несиелік зерттеу қорытындысын ескере отырып, менің қойып отырған талап арызымды орынды деп мойындаса да, менім арызымды қанағаттандырусыз қалдырды. Бұның себебін, аталған жағдайда талап қою мерзімінің қолданылатынын және ол мерзімнің аяқталуымен түсіндіріп отыр, яғни ҚР Азаматтық кодексінің 178 бабына сәйкес келісім шарт 2010 жылы рәсімделгендіктен 3 жыл мерзімнен аса уақыт өткендігін айтып отыр.Дегенмен аталған келісім-шарт банктен алған несиені 3 жыл мерзімде кайтару бойынша міндеттеме жүктейді емес пе.Осыған сәйкес, бұл жағдайда ҚР Азаматтық кодексінің 180-бабының 2 тармағына сәйкес, белгiленген орындау мерзiмiне байланысты мiндеттемелер бойынша талап қою мерзiмiнiң өтуi орындалу мерзiмi аяқталғаннан кейiн басталады деп санаймын. Келісім шартқа сәйкес мен алған кредитімді 2010 жылдың 23 мамырына дейін қайтаруым қажет болса, демек талап қою мерзімі 2013 жылдың мамыр айында аяқталу керек қой.Тараз қалалық сот шешімімен келіспегендіктен, Жамбыл облыстық сотына аппеляциялық шағыммен қайрылдым.Алайда облыстық аппеляциялық сот коллегиясы да талап қою мерзімінің өткендігін айтып, ҚР Азаматтық кодексінің 180-бабының 2 тармағын бұза отырып, қалалық соттың шешімін өзгеріссіз қалдырып отыр.Айтылғандарды ескере отырып, Сізден заң талаптарының дұрыс қолданылып, әділ шешім қабылдануына ықпал етуіңізді сұраймын.
Жауапты көру...
16.04.2012
Аукцион аркылы сатып алынган жер камуналды кызымет жуиелеріне жакын орналаскан мен оны екінше адамнан алғандыктан басқа жерге ауыстырғым келеді жер комитеті конбей отыр осыны не істеуге болады?
Жауапты көру...
1 2 3 4 5